Медициналық сақтандыру туралы жаңа заңда қандай өзгерістер болады

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық сақтандыруға қатысты жаңа заңнамада қандай өзгерістер болатынын айтып берді.

Законопроект о Фонде целевого капитала планируют разработать в Казахстане
Фото: Мұхтар Холдорбеков / агентство Kazinform.

− 2026 жылдан бастап сақтандыру жүйесіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млн-нан астам азаматты тартуға мүмкіндік беретін Заң жобасы әзірленді (халықтың әлеуметтік осал тобы, табысы төмен адамдар). Бұл азаматтардың қалта шығындарын едәуір төмендетуге және оларды қаржылық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған, - деді А. Әлназарова Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, қызметтердің қайталануын болдырмау, азаматтардың әлеуметтік мәртебесін есепке алу және сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық көмекке кепілдік беру үшін бірыңғай пакеттер қалыптастыру көзделіп отыр.

2026 жылдан бастап негізгі міндеттемелерді тегін медициналық көмек көлемі пакетінен сақтандыру жүйесіне ауыстырып, кезең-кезеңімен біріктіру жоспарлануда.

− Тегін медициналық көмек көлемі пакетінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік жағдайындағы көмек 2-ден 8-ге дейін ұлғайтылып, сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін көрсетілетін болады. Одан бөлек, биылдан бастап сақтандырылмаған азаматтардың онкоскринингтен тегін өтуге мүмкіндігі бар. Биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілді – жүктілікке дайындық және 50 жастан асқан ерлерде инсульт пен инфарктты алдын алу, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Заң жобасын ақпан айының соңында Парламентке енгізу жоспарлануда.

Бүгін Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Үкімет сағатында адамдардың медициналық қызметтердің көрсетілуіне қанағаттану деңгейі төмендегенін, МӘМС-ке қатысты берілген нақты ұсыныстар орындалмай отырғанын айтқан еді.

Өз баяндамасында министр Қазақстанда өлім азайғанын, өмір сүру ұзақтығы артып, саланы қаржыландыру көлемі артқанын айтуда.

 

Соңғы жаңалықтар