Мэдоффтың әйеліне 45 миллион долларға талап-шағым берілді

МӘСКЕУ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Бернард Мэдоффтың айла-шарғысы оның әйеліне елеулі шығын келтіргелі отыр,

Мэдоффтың әйеліне 45 миллион долларға талап-шағым берілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Рут Мэдоффқа 45 миллион долларға талап-шағым берілді. Адвокаттар өзінің клиентіне қойылған талапты қисынсыз деп санайды.

Бернард Мэдофф АҚШ тарихында ірі алаяқтық жасады. Оның қаржы пирамидасына қатысушылар 13 миллиард доллар шығынға батты. Айыптаушылардың пікірінше, оның бір бөлігі соңғы алты жыл бойы Мэдоффтың әйелі Руттың есепшотына түсіп отырған.

Биылғы маусым айында Нью-Йорк соты қаржыгерді 150 жылға түрмеге жабуға үкім шығарып, оның зайыбының есепшотын жапты. Алайда онда 2,5 млн. доллар ақша қалды. Бұл түсімдердің заңсыздығын дәлелдей алмаған болатын.