11:35, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Медресе мұғалімін өлтіріп кетті
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Дағыстанның Цунтин ауданына қарасты Чалях елді мекенінде жұмаға қараған түні белгісіз біреулер Урамагомед қажы атындағы медреседе мұғалімін өлтіріп кетті,

деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Кеше шамамен сағат 23:45-те (мәскеу уақыты бойынша) бетперде киген 4 белгісіз адам 35 жастағы Саидахмед Имановты автоматпен атқан. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында жантәсілім етті.
Бұл факті бойынша іс қозғалды. Қылмыскерлерді ұстау шаралары қолға алынды.