08:35, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Медведев Дума сайлауынан кейін Федералдық Жиында дәстүрлі Жолдауымен сөз сөйлейді
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - РФ президентінің Федералдық Жиынға жыл сайынғы Жолдауы 4 желтоқсандағы сайлаудан кейін алтыншы сайланған Дума отырысында жарияланады, деп хабарлады РБК агенттігі.

Бұл туралы Мемлекеттік Думаның спикері Борис Грызлов мәлім етті. «Бесінші шақырылған Думада біз президенттің жолдауын тыңдай алмаймыз, ол алтыншы сайланған Дума отырысында жарияланады», деді ол.