Медведев Лужковтың отставкасы туралы жарлыққа қол қойды - ИТАР-ТАСС

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат -РФ Президенті Дмитрий Медведев Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Медведев  Лужковтың  отставкасы  туралы  жарлыққа қол қойды - ИТАР-ТАСС

«Ресей Федерациясы Президентінің сенімінен айрылуына байланысты Юрий Михайлович Лужков Мәскеу мэрі қызметінен аластатылсын», делінген ресми құжатта.

Мәскеу мэрінің өкілеттігі берілетін тұлға лауазымына кіріскенге дейін, Мәскеу басшысының міндетін Владимир Ресин уақытша атқаратын болды.

Шанхайда сапармен жүрген Медведев журналистердің осы мәселеге қатысты сауалдарына берген жауабында: Мәскеу мэрінің міндетін уақытша атқарушы В.Ресинді «тәжірибелі, қаланың тұрақты басқарылуын сақтауға қабілетті адам» ретінде таныстырды. «Кандидатуралар ұсынылғаннан кейін, кімнің Мәскеу мэрі болатынын шешетін боламын», - деді Медведев өз сөзінде.