Медведев: Обамамен келіссөздер қауырт, іскер және шынайы болды

МӘСКЕУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев АҚШ Президенті Барак Обамамен Мәскеуде өткен келіссөздердің алғашқы раундын пайдалы, іскер, ашық және шынайы деп атады,

Медведев: Обамамен келіссөздер қауырт, іскер және шынайы болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

«АҚШ Президенті Барак Обаманың Ресейге алғашқы сапары өте қауырт болды: алғашқы күннің қорытындысында  барлық бағыттар бойынша біздің елдеріміздің келешегі, әлемдік дамудың преспективалары үшін маңызды мәселелер қаралды», - деді Ресей басшысы.

 «Бұл өте маңызды, өйткені соңғы жылдарда көптеген мәселелер қордаланып қалған болатын. Дегенмен бізде оларды шешуге деген өзара ұмтылыс болды, проблемалар іскерлік жағдайда талқыланды», - деді Медведев.

Ресей мен АҚШ Президенттері жоғары дәрежедегі стратегиялық шабуыл құралдары бойынша негіздемелік құжатқа қол қойды. Бұл құжат бойынша Ресей мен АҚШ ядролық оқтұмсықтар санын екі есеге жуық - 1500-1675 бірлікке дейін және оларды тасымалдағыштарды 500-1100 бірлікке дейін қысқартпақ.