Медведев пен Путин Еділде балық аулады

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен Премьер-министрі Владимир Путин Астрахань облысында Еділ өзенінің жағалауында серуендеп, балық аулады,

Медведев пен Путин Еділде балық аулады

деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Кремльдің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Медведев пен Путин Еділге сүңгіп, су асты әлемімен танысты. Су астында бірнеше рет суретке түсті.

Сонымен қатар президент пен премьер Еділде моторлы қайықпен серуендеді. Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, екеуі де су көлігін жүргізуді жақсы меңгергендігін көрсетті, деп жазады ВВС орыс қызметі.