«Мега-Химки» сауда орталығында жарылыс болады деген хабар жұртты дүрліктірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі «Мега-Химки» сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген белгісіз біреудің хабарынан соң полиция осында жұмыс істейтіндер мен келушілерді шұғыл түрде сыртқа шығарды.
ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, мәскеу уақытымен 12:30-да «02» қызметіне аты-жөнін айтпаған белгісіз адам «Мега-Химки» сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған. Полиция мен ТЖМ қызметкерлері адамдарды эвакуациялауда, ғимаратты кинологтар қарауда.