MEGA сауда-ойын-сауық орталықтарының шыны конструкцияларына сараптау және зерттеу жүргізілмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - «MEGA» MANAGEMENT сауда-ойын-сауық(СОСО) орталықтарындағы шыны конструкцияларын сараптап, зерттеу қажеттілігін бастама етіп көтерді.
Қазіргі кезде СОСО-ның бүкіл желісі бойынша МСҚБ және ТЖД өкілдерінен, сондай-ақ шыны беттерінің қосымша тексеруін өткізетін тәуелсіз сарапшылардан тұратын комиссия құрылды, деп хабарлады «MEGA MANAGEMENT» баспасөз қызметінен.
Сараптама «MEGA Astana» пайдалануға берілген кезден бастап, 8 жылдың ішінде бірінші рет тіркеліп отырған оқиғадан кейін өткізілмек. Бұған дейін «MEGA MANAGEMENT» өртке қарсы және сейсмологиялық қауіпсіздік саласындағы тәуелсіз тексерулерін ұйымдастырған болатын. Тексеріктер тұрақты түрде әрбір СОСО-да MEGA-ға келушілердің бос уақыттарын сапалы өткізуіне толық бақылау жасау үшін компания басшылығының бастамасымен ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ, СОСО желісінде штаттан тыс жағдайларды қарастыру бойынша шаралар кестесі бар.