Mega Silk Way сауда орталығы өртенген жоқ — әкімдік

АСТАНА. KAZINFORM — Есіл ауданының әкімдігі Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт туралы ақпарат жалған екенін хабарлады.

мега
Фото: MEGA Silk Way/Facebook

Сауда және ойын-сауық орталығынан өрт шыққан жоқ.

«Электр қуатының үзілуіне байланысты дизельді генераторлар іске қосылды және олардың жұмысынан түтін шықты» дейді әкімдіктен. 

Орталық қонақтары мен қызметкерлеріне ешқандай қауіп жоқ. 

Еске сала кетейік, бірқатар ақпарат құралдарында Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығының төбесінен шыққан қара түтіннің видеосы тараған еді.  

Бүгін астанада көпқабатты үйдің 26-қабатынан өрт шықты.  

Құтқарушылар 8 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның ішінде бір бала бар.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Соңғы жаңалықтар