Megadeth бұрынғы барабаншысы Ник Менца сахнада көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Музыканттың менеджері Роб Болджер 51 жастағы Менцаның сенбіде Лос-Анжелестегі Baked Potato клубында ОНМ тобымен өнер көрсетіп жатқан кезінде сахнада құлап қалғанын мәлім етті.

  Megadeth бұрынғы барабаншысы Ник Менца сахнада көз жұмды

Аты аңызға айналған барабаншы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Менца 1988 жылы ағылшындық Брэдфорд қаласында Megadeth-мен алғаш рет ойнады, келесі штаттық барабаншы саны бойынша үшінші ретінде топ құрамына кіріп, топтың - Rust in Peace, Youthanasia, Cryptic Writings және Countdown To Extinction төрт альбомында ойнады.

Соңғысы топтың коммерциялық сәтті альбомы болып, америкалық хит-парадта екінші, британдықта - бесінші орынды иеленді, деп жазады Би-би- си.