Мегалайн қызметінің жылдамдығы ұлғайып, айлық қызмет құны азайды
АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгіннен бастап жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін Megaline/iD Net Turbo, Turbo Plus, Turbo Light тарифтік жоспарларын өзгертті.
Бұл туралы «Қазақтелеком»АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл пакеттер бойынша ішкі ресурстарға трафик 2 есе 40 Гбайтқа дейін өсіп, айлық абоненттік ақы 5 845 теңгеден 4600 теңгеге төмендеді. Сондай-ақ ішкі ресурстарға мәлімет беру жылдамдығы 256 Кбит/с ұлғайтылды.
Сонымен қатар «Мектеп» тарифтік жоспарында ішкі ресурстардағы жылдамдығы 2 Мбит/с -қа дейін ұлғайтылды. Осындай өзгерістер iD Phone қызметіне де енгізілді. Megaline Turbo iD Phone тарифтік жоспары бойынша абоненттік ақы 20 пайызға, «Ақылды телефон Turbo/ Turbo Light» пакеті үшін 16 пайызға азайтылды.
Қазақтелекомның хабарлауынша, алдағы уақытта Megaline Turbo/Turbo Plus/Turbo Light iD Phone тарифтік жоспарлары бойынша айлық төлем ақысын 4400 теңгеге дейін азайту жоспарлануда.