Мехико әуежайында гауһартасқа оралған испандық ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ірі көлемдегі контрабандалық гауһартастар жұма күні Мексика астанасының әуежайында ұсталған.
Оны испан азаматы сөмкесіне жасырып және денесіне орап алып өтпек болған, деп хабарлайды РИА Новости.
«Мехико әуежайында испандық азаматты Мексика федеральды полициясы Колумбияға 11,5 мың бриллиантты заңсыз алып өтпек болғанда ұстаған. Ол Африкадағы бриллианттар контрабандасының халықаралық желісіне кіруі мүмкін», - деп жазылған полицияның Twitter-дегі хабарламасында.
Испандық бірден күдік келтірген, сол үшін оның қол жүгін тексеру үшін беруін сұраған. Сөмкенің ішінде гауһартастар жасырылған екінші қалта табылған. Гауһартастар салынған басқа қалталар контрабандашының денесіне байланғаны анықталды.