Мехико метросында пойыздар соқтығысып, 60 адам жарақаттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мехико метросында пойыздар соқтығысып, 60 адам жарақаттанды. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
Мексика БАҚ-тары жариялағандай, ел астанасының метросындағы апаттан 60 адам жарақаттанған, оның 35-і ауруханаларға жатқызылды. Бір адам көз жұмды.
Апат сенбі күні таңертеңгі уақытта метрополитеннің 3-желісіндегі стансалар арасында болған. Себебі әзірге анықталған жоқ.
Мехико метросында бұған дейін де апаттар болған. 2020 жылғы наурызда «Такубая» стансасында екі пойыз соқтығысты. Ол кезде де бір адам қайтыс болып, 40 жолаушы жарақаттанды. Ал, 2021 жылғы мамырда 12-желідегі стансалардың бірінде жолаушылар пойызы жүріп бара жатқан эстакада опырылып, 26 адам зардап шеккен.