Мехикода футболдан әлем чемпионатының басталуына үлкен экран орнатылады

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Мексика астананың орталығында 650 жұмысшы орасан үлкен экранды орнатуда, деп хабарлайды РИА «Новости».

Мехикода футболдан әлем чемпионатының басталуына үлкен экран орнатылады

Онда жанкүйерлер Оңтүстік Африка Республикасында өтетін футболдан әлем чемпионатының матчтарын тамашалай алады. Көлемі 8-де 6 метрлік және 4,5 тоннадан асатын орасан зор таңғажайып құрылғыны орнату жұмыстары бейсенбі күні аяқталмақ.

Жұма күні, маусымның 11-інде Мехикодағы орталық алаңда экран алдына 120 мыңнан астам адам жиналмақ. Тікелей эфирде олар мундиальдің ашылуы мен матчтарды тамашалайды, онда Мексика мен ОАР командалары сайысқа түседі.