Мекенжайы бойынша тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар қалай дауыс береді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс пен маслихат сайлауында тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады. Өйткені, олар өз аумағындағы учаскелерге бір күнге тіркеуге алынады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мекенжайы бойынша тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар қалай дауыс береді

«Еліміз бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде ХҚО қызметкерлері жұмыс істейді. Мамандар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс беру мүмкіндігін ұсыну үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады», - делінген корпорацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Орталық мамандары азаматтарды тіркеуді сайлау күні сағат 7:00-20:00 аралығында жүргізеді. Ал, 20 наурызда тұрғын бір күндік тіркелген жерінен автоматты түрде шығарылады.

ХҚО мамандары жұмыс істейтін сайлау учаскелерінің мекенжайларын мына жерден білуге болады.