Мекке меймандарын хош иісті кілемдермен қарсы алмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің әр түкпірінен қажылыққа ағылатын мұсылмандарды қарсы алу үшін меккеліктер дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде, деп хабарланған «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми сайтында.
Жуырда әл-Харам мешітіне 30 000 жаңа кілем төселді. Сондай-ақ ерлер мен әйелдерге арналған 4500 дәрет бөлмелері әзірленіп, қызмет көрсету бөліміне 2000 адам жұмысқа қабылданды. Бір ерекшелігі, құлшылық үйі мен төселген кілемдерге түрлі хош иіс беріп тұратын автоматты құрылғылар орнатылады.