11:50, 25 Қазан 2012 | GMT +5
Меккеде құны 16 млрд. долларға бағаланған метро салынбақ
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы алдағыі жылдан бастап Меккеде метро құрылысын жүргізуге тендер жариялайтынын хабарлады.
Қала мэрі Асам әл-Бардың айтуынша, құны 16 миллиард АҚШ долларына бағаланған метро 10 жыл ішінде салынбақ. Метроның ұзындығы 182 шақырым болады.
Автомобиль кептелісі соңғы жылдары Мекке үшін өзекті мәселеге айналды. Осы аптада қажылыққа Меккеге келген адамдар саны екі жарым миллион адамға жетті. Болжам бойынша, 20 жылдан соң Мекке халқы қазіргі екі миллион адамнан 3 миллионға дейін көбейеді, деп хабарлайды «Азаттық» сайты.