Меккеде Сауд Арабиясының Бас сағаты іске қосылды

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Батыстағылардың уақытты Гринвичпен салыстыратыны сияқты, араб елдерінде де Мекке уақыты негізгі уақыт болып саналады. Сондықтан да, кеше, Рамазан айының бірінші күні, Исламның ең қасиетті қаласы - Меккеде Саудия елінің Бас сағаты іске қосылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Меккедегі сағат Саудия еліндегі ғана емес, әлемдегі ең үлкен сағат атанып отыр. Биіктігі 40 метрге жететін сағат жер деңгейінен 400 метр биіктікте орналасқан. Сағат тетігі орнатылған мұнараның биіктігі 601 метр.

Саудия сағатының төрт циферблаты дүниенің төрт бұрышына қаратып орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар