Меккеде тағы бір қазақстандық қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Меккеге қажылық парызын өтеуге кеткен қазақстандық азамат Нұрсұлтан Алпысбаев қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Н. Алпысбаев осыған дейін қызмет жасаған Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Меккеде тағы бір қазақстандық қайтыс болды

«Нұрсұлтан Алпысбаев Еуразия ұлттық университетінің дене тәрбиесі және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасаған. Біздің оқу орнында 35 жылдай қызмет етіп келеді. Марқұмның қайтыс болу себептері әлі белгісіз», - деп хабарлады оқу орнынан.

Еске сала кетейік, осыған дейін Меккеде 78 жастағы Қазақстан азаматшасы жүрек талмасынан қайтыс болған болатын .