Меккедегі Құран сайысына 59 елдің үміткері қатысады
АСТАНА. Қазақпарат - Алдымыздағы сенбі күні Әл-харам мешітінде ел королі Абдель Азиздің атындағы халықаралық Құран сайысы бастау алады. Қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқу және тәпсірлеу сайысы биылғы 36-рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлады muslim.kz.
Айта кетейік, Сауд Арабиясының Ислам істері және Уақыптар министрлігі ұйымдастырып отырған уақымды шараға әлемнің 59 елінен 138 үміткер қатысып отыр.