Меккедегі метро құрылысы 2014 жылы басталады

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Қасиетті Мекке қаласында төрт жолды, 88 бекеті бар әрі жылдам жүретін қоғамдық көлік желісі іске қосылатын жылдам көлік жүйесінің құрылысы қолға алынбақшы. Бұл жайында Arab News Мекке шаһарының әкімі Усама әл-Бараға сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
None
None

Аталмыш жобаның жалпы құны 62 млрд сауд риалын (1 доллар - 3,75 риалға тең) құрайды. Оның алғашқы кезеңі келесі жылдың орта шенінде басталып, жоспар бойынша үш жылдың ішінде аяқталуы тиіс.

Метро үлкен мешіттің маңынан үшінші көлік айналымына дейін жер астынан салынады. Одан ары жердің үстімен кетеді.

muslim.kz сайтының жазуынша, метро құрылысының алғашқы кезеңі Умм әл-Құра университетінен «Саид Айша» мешітіне дейінгі 30 шақырымдық аралықты қамтитын болады.

Метромен байланысты автобустар 60 шақырым қашықтыққа дейін қатынайды әрі 60 аялдама болады.

Соңғы жаңалықтар