Меккенің бас мешітіндегі намаз енді 2 шетел тіліне аударылатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Меккедегі исламның бас мешіті Әл-Масджид әл-Харамда 28 ақпаннан бастап намаз синхронды түрде 2 шет тіліне - ағылшын және урду тілдеріне аударылады.
Араб тілін меңгермеген мұсылмандар құлаққалқаны арқылы намазды аталған шет тілдерінің бірінде тыңдай алады, деп хабарлады «Әл-Жазира» арнасы
Имам уағыздарын өзге тілде тыңдаймын дегендер жұма намазының алдында құлаққалқанды (наушники) ала алады. Аударма қысқа толқынды диапазон жиілігінде беріледі.
Жұма намазы уақытында Меккедегі исламның Әл-Масджид әл-Харам мешітіне миллионға жуық адам жиналады. Олар Алла үйінің ішіне ғана емес, сонымен қатар оның балконы, тіпті шатырына да жайғасады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.