Мексика билігі Мичокан штатына әскер жіберді
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Мексика әскері есірткі картельдері мен оларға қарсылық көрсетіп жатқандардың қақтығысы болып жатқан аудандарды өз бақылауына алады. Бұл туралы осы елдің үкіметі мәлімдеді.
Мексикалық үкімет азаматтарды қорғауға қауқарсыз деп санайтын тұрғындардан жасақталған топ өткен аптада Мичокан штатындағы бірнеше шағын қалаларды басып алды.
Олар бұл қалаларды есірткі картелінің мүшелерінен тазартуды уәде етуде.
Өз кезегінде Мексиканың ІІМ басшысы Мигель Анхель Осорио Чон өзін-өзі қорғауға кіріскен бұл топтың өкілдерін қаруларын тапсырып, полицияға жәрдемдесуге шақырды.