21:35, 22 Қараша 2014 | GMT +5
Мексика билігі жоғалған студенттерді іздеуге уәде берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика билігі қыркүйектің аяғында 43 студенттің қайда, қалай жоғалғанын анықтауға күш салуға уәде берді. Осылайша халықтың билікке деген сенімін қайтармақ.

Би-би-си мәлімдегендей, президенттің баспасөз хатшысы Энрике Пенья Ньето билік заңның үстемдігін қайтару мақсатында құқықтық реформамен жұмыс жүргізіп жатқандығын айтты.
Мексикада 26 қыркүйекте Мехико елінің астанасының оңтүстігінен 200 шақырым жерде орналасқан Игуала қаласында 43 студенттің жоғалуына байланысты жаппай наразылық акциясы жалғасуда.
Акция соңы полицияның аралсуымен аяқталуда. Куәгерлер сол жолы студенттерді полицейлер көлігіне салып әкеткенін хабарлады.
Игуала мэрін федералдық полиция ұрлауды ұйымдастырды деген күдікпен тұтқындады.