Мексика боксшысы Хулио Сезар ББК нұсқасы бойынша чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты Мексика боксшысы Хулио Сезар Чавестің ұлы кіші Хулио Сезар Чавес американдық Брайан Верадан екінші рет басым түсті.

Мексика боксшысы Хулио Сезар ББК нұсқасы бойынша чемпион атанды

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша 76,2 келі салмақ санатында Солтүстік және Оңтүстік Америка чемпионы атағы үшін өткен 12 раундтық кездесуде ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, боксшылар өткен жылдың қыркүйегінде жұдырықтасып, ол кезде де Чавес төрешілер шешімімен чемпион атанған болатын. Дегенмен ол кезде бірқатар төрешілер жеңістің мексикалыққа әділ берілмегендігін, американдық өзінің спорттағы мансабында ең жоғары атағынан әділетсіз айырылғандығын айтқан еді.