08:00, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Мексика бұғазындағы аққан мұнайдың залалын жою жылдарға созылмақ
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Мексика бұғазындағы аққан мұнайдың залалын жою үшін мұнай қабатындағы апаттан кейін миллиондаған мұнай галлондары жиналып алынғанына қарамастан, жылдап уақыт керек.

АҚШ президенті Барак Обама осылай мәлім етті, деп хабарлайды Риа жаңалықтар агенттігі.
Мексика бұғазындағы Deepwater Horizon платформасында сәуірдің 20-сы күні қуатты жарылыс болып, артынан 36 сағатқа созылған өрт шыққан. Сол кезде 11 адам қаза тауып, 17 адам зардап шеккен болатын. Сәуірдің 22 күні платформа батып кеткен соң, Луизиана, Алабама, Миссисипи штаттарына залалын тигізіп отырған мұнайдың ағуы бастаған.