Мексика дағдарыстың салдарынан футболдан әлем чемпионатын өткізуден бас тартты
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Әлемде қалыптасып отырған экономикалық ахуал Мексикаға 2018 немесе 2022 жылдары футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін қажетті жұмыстарды атқаруға және аталмыш шараларға дайындалуға мүмкіндік бермей отыр,
деп хабарлайды ВВС агенттігі.
Мексика тарабы өз өтінішін қайтып алғаннан кейін, ғаламшардың бас футбол форумын өткізуден негізгі үміткерлерінің қатарында Англия, Индонезия, АҚШ, Жапония және Ресей қалды. Оған қоса, Португалия мен Испания, Бельгия мен Нидерланды бірлескен өтініш беріп отыр, ал Катар мен Оңтүстік Корея чемпионатты 2022 жылы өздерінде өткізуге дайын екендерін жария етті.