Мексика келесі жылы Астанада өз елшілігін ашпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика құрама штаттары 2015 жылы Қазақстан елордасы Астанада елшілік ашуды жоспарлап отыр.

Мексика келесі жылы Астанада өз елшілігін ашпақ

Бұл туралы Мексиканың Түркиядағы Елшісі және Қазақстандағы Елші қызметін қоса атқарушы Марта Елена Федерика Барсена Кокю қазақстандық делегациямен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметінен.

«Елші ханым 2015 жылы Астанада Мексика елшілігін ашу жоспарланып отырғандығын айтты. Сонымен бірге 2014 жылдың соңына дейін Мексикада Қазақстан елшілігін ашу жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуде одан ары ынтымақтасу және өзара іс-қимылдарды жандандыру турасында уағдаластыққа келді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Мексика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған болатын.

Дьявол носит Prada 2
Ұқсас жаңалықтар

233 млн доллар: «Дьявол носит Prada 2» фильмі әлемдік прокатта бірінші орынға шықты