Мексика құрамасы француздықтарды ұтты

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футбодан әлем чемпионатында Мексика құрамасы Франция құрамасының қақпасына жауапсыз екі гол соқты.

Мексика құрамасы француздықтарды ұтты

Алғашқы таймда екі құрама да есеп аша алмағанымен, екінші кезеңнің 64-ші минутында мексикандық шабуылшысы Хавьер Эрнандес гол соқса, 79-шы минутта айып добын орындаған Куатемок Бланко мүлт кетпеді, есеп 2-0.