Мексика мұнайы 2015 жылғы қазаннан бері ең жоғары көрсеткішке жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада өндіріліп жатқан мұнайдың құны бір баррель үшін 42,37 долларға дейін жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні «Pemex» мемлекеттік мұнай комнаниясы хабарлады.

«La Jornada» газетінің атап өтуінше, бұл - 2015 жылғы 9 қазаннан бері ең жоғары деңгейге дейін жеткен көрсеткіш, ол кезде 1 баррель құны - 43,06 доллар болған.

«Pemex» бағалардың төмендеуіне байланысты күрделі қиындықтарға тап болды. 2015 жылғы төртінші маусымның қорытындысы бойынша оның таза шығыны 168 млрд. песоға (сол кездегі бағам бойынша 9,2 млрд. доллар) жеткен. Бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 44 пайыз көп, деп жазады ТАСС.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында мексикалық мұнай баррелі 14 жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендеп, 18,90 доллар болды.
Ақпан айының басында Pemex-тің басшылығы ауысып, Хосе Антонио Гонсалес Анайя жаңа қызметіне кіріскен.

Соңғы жаңалықтар
telegram