Мексика перзентханасындағы жарылыс: сәбилердің туыстарын ДНК бойынша іздеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық билік Мехикода құлаған балалар ауруханасы мен перзентхана үйіндісінен табылған тоғыз баланың кім болғанын анықтауда, деп хабарлады Би-би-си.

Мексика перзентханасындағы жарылыс: сәбилердің туыстарын  ДНК бойынша іздеуде

Бұлар - перзентхана маңында газ тасымалдаған жүк көлігі жарылысынан аман қалған сәбилер. Балалардың ата-анасын анықтау үшін ДНК тестілері жүргізіледі.

Мехико мэрі атап өткендей, нәрестелерде ауруханалық білезік болмаған. Бұл оларды ауруханаға ата-анасы әкелгенін білдіреді.

Жарылыс салдарынан бейсенбі күні мейірбике мен екі сәби қаза тапты. 73 адам жарақат алды.