Мексика президенті мұнай өңдеу зауытындағы жарылыс құрбандарының отбасыларымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика Президенті Энрике Пенья Ньето бесенбі күні 20 сәуірде қуатты жарылыс пен өрт шыққан Веракрус штатындағы мұнай-химия кешеніне барды, деп хабарлады ТАСС.

 Мексика президенті мұнай өңдеу зауытындағы жарылыс құрбандарының отбасыларымен кездесті

Жарылыстан қаза тапқан және жоғалған кәсіпорын қызметкерлерінің жанұяларымен кездескен мемлекет басшысы «Pemex» мұнай-газ компаниясы және оның серіктесі «Mexichem» қарастырылған өтемақының барлығын төлейтініне сөз берді.

Мексика басшысы билік тарапынан сондай-ақ кәсіпорын басшылығы із-түзсіз кеткендердің жақындарына қажет қолдаудың барлығын жасайтынын айтты.

Еске сала кетейік, «Pajaritos» мұнай-химия кешеніндегі апаттан ең кемі 13 адам мерт болып, 136 - жап жапа шекті, 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Mexichem» компаниясы басқаратын «PMV» кәсіпорнында болған төтенше жағдайдың шығу себебі әзірге анықталған жоқ.