Мексика шығанағында бортында 4 мың жолаушы бар лайнер жылжи алмай бір орында қалқып тұр

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Мексика шығанағында бортында 4 мың жолаушы және экипаж мүшелері мінген Carnival Triumph лайнері жылжи алмай бір орында қалқып тұр, деп хабарлады РБК.
None
None

Кеме 7 ақпан күні Галвестоннан (Техас штаты) төрт күндік жүзуге аттанған, алайда екі күн қатарынан лайнердің қозғалтқышы жұмыс істемей тұр, деп хабарлады Би-Би-Си.

Оқиғаның орын алуына және қозғалтқыштың істен шығуына өрт себеп болды. Қазіргі уақытта кеме Юкатан түбегінен 240 шақырым жерде орналасқан.

Алдағы уақытта лайнерге сүйрейтін техника жеткізіледі деп күтілуде. Кеме белгіленген жерге ертең жетуі тиіс. Жолаушылар АҚШ-қа ұшақпен жетеді.

Лайнерде ауыз судың және азық-түліктің жеткіліксіздігі байқалуда. Оған қоса бортта жуынатын бөлмелер жұмыс істемейді, электр беруде де іркіліс бар.

Carnival Cruise Lines компаниясы лайнерінің иесі атап өткендей, туристерге жолақы құны толығымен өтелетін болады.

Соңғы жаңалықтар