Мексика шығанағында мұнайдың ірі кеніші табылды
АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Мексиканың мемлекет иелігіндегі Pemex, мұнай компаниясы Мексика шщығанағынан мұнайдің ірі кенішін тапты.
Бұл туралы ел президенті Фелипе Кальдерон мәлім етті, деп хабарлайды РБК.
Ф.Кальдеронның айтуынша, ұңғыда шамамен 250-450 млн.баррель мұнай бар, мұның өзі Pemex компаниясының үш жылдық мұнай өндіру көлеміне тең.