Мексика шығанағындағы мұнай платформасы отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика шығанағындағы Pemex компаниясының мұнай платформасы отқа оранды, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Мұнай-газ компаниясының мәліметіне қарағанда, 15 адам жарақат алып, 300-ге жуық мұнайшылар қауіпсіз жерге көшірілді. Белгілі болғандай, өрт кешкі уақытта тұтанған.

Оқиға орнында 8 өрт сөндіру кемелері жұмыс жасауда. Зардап шеккен азаматтар Сьюдад-дель-Кармен қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Компания басшылығы өрттің неден туындағанын әзірге нақтыламай отыр.

Соңғы жаңалықтар