Мексика: Табылған денелердің барлығы студенттердікі емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Герреро штатының губернаторы Игуала қаласынан адамдар жаппай жерленген қабірлерден табылған денелердің барлығы қыркүйектің соңында полиция тұтқынға алған студенттердің мәйіті емес екендігін айтты, деп жазады Би-би-си.

Мексика: Табылған денелердің барлығы студенттердікі емес

Ол, сондай-ақ, мамандар бұл мәйіттердің кімдерге тиесілі екендігін анықтау жұмысын жалғастыратынын, бірақ кей денелердің қатты күюі себепті қиындықтар туып отырғанын айтты.

Айта кетейік, елде ЖОО түлектерін мұғалімдік қызметке тағайындау барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алатындығына наразылық білдірген студенттердің 43-і із-түзсіз жоғалған болатын. Куәгерлер оларды полиция тұтқындап әкеткенін хабарлаған.