Мексика түрмесіндегі тәртіпсіздіктен 14 адам қаза тауып, 10 адам қашып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жексенбі, 1 қаңтар күні Мексиканың Сьюдад-Хуарес штатындағы түрмеде тәртіпсіздік орнап, алдын ала мәлімет бойынша, салдарынан 14 адам қаза тапты, оның ішінде он күзетші мен төрт тұтқын бар. Он адам қашып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат telemundo.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Түрмеге бронетранспортер мінген содырлар шабуыл жасады. Олар оған сағат 7:00 шамасында жетіп, күзетшілерге оқ жаудырды», - деп хабарлады Чиуауа прокуратурасы.
Бірнеше сағаттан кейін мексикалық сарбаздар мен штат полициясы түрмеге бақылауды қалпына келтірді. Елдің прокуратура қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.
Фото: Christian Chavez / AP