Мексика түрмесінен 11 тұтқын қашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Канкун (елдің оңтүстік-шығысы) курортты қаласы маңында орналасқан түрмеден 11 тұтқын қашып кеткен. El Sol de Mexico газетінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары қашқан қылмыскерлерді іздестіру шараларын жүргізуде, - дейді ТАСС.
None
None

Тұтқындар түзеу мекемесіндегі қарауылға бас салып, байлап тастаған. Содан кейін түрме айналасына орнатылған металл торды кесіп, қоршауға өрмелеп шығып, өздерін күтіп тұрған таксиге мініп іздерін суытқан.

Қашқындар "Лос-Суреньос" бандасының құрамында болған. Олардың қандай қылмыс үшін жазасын өтегені әлі анықталған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар