Мексика түрмесіндегі төбелес: 10 адам қаза тапты, арасында бала бар
АСТАНА. KAZINFORM — Мексиканың солтүстік-батысындағы Синалоа штатындағы «Эль-Кастильо» түрмесінде болған төбелес салдарынан тоғыз тұтқын мен оларға келген бір бала көз жұмды. Тағы 16 сотталушы жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Штаттың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, жараланғандарға медициналық көмек көрсетілген. Түрмеде тәртіпті қалпына келтіру үшін бірнеше ведомствоның қызметкерлері жұмылдырылды. Қазір жағдай бақылауға алынған.
Оқиғаға қатысты тергеу басталып, кінәлілер анықталмақ. Қауіпсіздік мақсатында түрмеге келушілерді қабылдау уақытша тоқтатылды. Билік қалған тұтқындардың зардап шекпегенін хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Мадуроға түрмедегі америкалықтарды азаптады деген жаңа айып тағылған еді.