Мексика жағалауында кубалық босқындар мінген сал суға батып кетті

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Кубалық 23 босқын мінген қолдан жасалған сал Мексиканың жағалауында суға батып кетті.
None
None

Кем дегенде 2 адам көз жұмды, тағы 11-і із-түссіз жоғалғандар тізімінде. Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар хабарлады.

Дін-аман қалғандар журналистерге айтып бергендей, қолдан жасалған ағаш құрылғы әйгілі Канкун курортына жақын жерде орналасқан Әйелдер Аралын қоршап тұрған су астындағы маржанды жартастарға соғылған. Қатты ағынның салдарынан тек 10 адам жағалауға өздігімен жүзіп жете алды. Босқындар тобы өздерінің туысқандарына қосылу үшін АҚШ-қа бет алған.  

Соңғы жаңалықтар
Референдум