10:26, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Мексика жағалауында күшті жер сілкінісі болды
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - 29 шілде күні таңертең Мексика мен Гватемаланың жағалауында күші 6,0 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметі хабарлады, деп жазды Утро. ру.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат таңғы 6-да тіркелді. Зілзала кіндігі Тынық мұхитында - гватемалық Окос қаласынан 26 шақырым және мексикандық Сучьяте қаласынан 30 шақырым жерде орын байқалды. Жер сілкінісінің ошағы 35 шақырым тереңдікте тіркелді.
Қаза болғандар мен қирандылар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.