Мексика жағалауындағы Карлотта дауылы күш алып келеді

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Мексиканың тынықмұхиттық жағалауындағы Карлотта дауылы күш алып келеді, деп хабарлады РБК агенттігі бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Мексика жағалауындағы Карлотта дауылы күш алып келеді

Қазір ол шамамен Пуэрто-Анхеладан оңтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым және Акапулько туристік қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 530 шақырым жерде. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетті.

Дауыл Мексикадағы ірі мұнай-газ зауытының сол жағынан немесе жанынан, немесе елдің оңтүстік жағалауы арқылы өтпек. Дауылдың өтетін жолы 18-19 маусым күндері G20 саммиті өтетін Лос-Кабостан алыста.