Мексикада 10 мыңға жуық адам зорлық-зомбылық кесірінен көз жұмған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада өткен ай ішінде 2 мың 200 адам кісі қолынан қаза тапқан, деп жазады «Хабар 24».

Мексикада 10 мыңға жуық адам зорлық-зомбылық кесірінен көз жұмған

Бұл соңғы 20 жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Ал жыл басынан бері 10 мыңға тарта тұрғын зорлық-зомбылық кесірінен көз жұмған.

Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі ел астанасы Мехикода, Чиуауа, Колима және Герреро штатында тіркеліпті. Мұнда есірткі саудасымен айналысатын бір-бірімен өштес қылмыстық топтар әрекет етеді.

Айта кеткен жөн, былтыр кісі өлтіру көрсеткіші бойынша Мексика Сириядан кейінгі екінші орынға шыққан еді.