Мексикада 10 мыңға жуық құқық қорғау органының қызметкері түрмеден қашқан есірткі баронын іздеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада 12 шілдеде Мехико штатындағы қатаң режімдегі "Альтиплано" түрмесінен қашқан есірткі баронын іздеу шарасының ауқымы артып келеді.
None
None

Іздестіру шаралары негізінен елдің орталық аймақтарында астаналық федералдық округте, Мехико, Герреро, Идальго, Морелос, Пуэбла және Тласкала штаттарында жүргізілуде, деп хабарлады Universal газеті.

"Синалоа" есірткі картелін басқарған қылмыскерді жергілікті құқық қорғау органдарының 8,2 мың қызметкері, федералды полицияның 1,25 мың және ұлттық жандармерияның 200-ге жуық өкілі іздеп жатыр.

Кей деректерде дәулеті $1 миллиардтан асатын қылмыскер, "Альтипланодан" ұзындығы 1,5 шақырым болатын жер асты жолымен қашқан.

Соңғы жаңалықтар