Мексикада 105 тонна марихуана тәркіленді
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Мексиканың қауіпсіздік күштері 105 тонна марихуананы тәркіледі және есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 11 адамды тұтқындады, деп хабарлады Би-Би-Сидің Орыс қызметі.
АҚШ шекарасына таяу Тихуан қаласында өткен операция кезінде 10 мың орам есірткі табылды.
Бұл соңғы бірнеше жылда өкімет орындары тәркілеген есірткінің аса ірі партиясы, деп атап өтті мексикалық армияның өкілі.