Мексикада 159 адам тырысқақ ауруына шалдықты

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Мексиканың 5 бірдей штатында 159 адамның тырысқақ ауруына шалдыққаны анықталды.

Мексикада 159 адам тырысқақ ауруына шалдықты

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Шұғыл құрылған медициналық бригадалар 20 мың үйді тексеріп шықты. Әзірге аурудың таралуына не себеп болғаны белгісіз. Десе де, мамандар індеттің лас су арқылы таралуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Ал дәрігерлер өршіген кеселді «Ингрид» және «Мануэль» дауылдарына ұласқан су тасқынымен байланыстырып отыр.