Мексикада 20 жастағы студент қыз полиция шефі атанды

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Криминология факультетінің студенті, 20 жастағы Марисоль Валлес Гарсиа Мексикадағы ең қанды провинция деген жаман аты бар Чиуауа провинциясындағы Пракседис-Геррего қаласының полиция басшысы болуға келісіп отыр, деп хабарлайды CNN агенттігі.

Мексикада 20   жастағы студент  қыз    полиция  шефі атанды

Гарсиа ханым ең қауіпті қызмет саналатын шерифтің міндетін атқаруға келіскен жалғыз адам болып отыр. «Ия, мен қорқамын. Ол барлық адамға тән қасиет. Бірақ біз өзіміз тұратын өңірде тыныштыққа және қауіпсіздікке қол жеткізгіміз келеді», - дейді бойжеткен.

Валлес ханым басқаратын полиция басқармасында 13 адам жұмыс істейді, оның тоғызы - әйел.

Мексиканың солтүстігіндегі бұл жайсыз аймақта наркокартельдердің арасында жиі қақтығыстар болып тұрады, 2006 жылы осындай оқиғалар 29 адамның өмірін қиған, деп жазады «Газета.Ru» басылымы.