10:00, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Мексикада 49 адамның өлі денелері табылды
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Мексикада зорлық-зомбылық белгілері бар 49 адамның мүрдесі салынған пластикалық қаптар табылды, деп жазады Утро.ру.

43 ер адам мен алты әйелдің мәйіттері елдің солтүстік-шығысындағы Монтеррей қаласына жақын орналасқан тас жолдың бойына лақтырылып кеткен. Қала АҚШ шекарасынан 180 шақырым жерде орналасқан. Полицияның пайымынша, адамдар өзара бәсекелес ірі есірткі өндірушілердің арасында болған қақтығыстар барысында өлтірілген.
Бірнеше күн бүрын Мексиканың көлемі бойынша екінші қаласы Гвадалахараның қасында 18 адамның ұсқыны бұзылған мәйіттері табылған болатын.
Ел президенті Фелипе Кальдерон есірткі өндірушілер бандыларына қарсы күреске әскерді қатыстырған 2006 жылдан бері 47 мыңнан адам қаза тапты. Есірткі сатушылар өздерінің құрбандарының мәйіттерін қоғамдық жерлерде бәсекелестерін қорқыту мақсатында жиі қалдырып отырады.