Мексикада әлемдегі ірі литий кеніші табылды
АСТАНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат - Мексиканың Сакатекас және Сан Луис Потоси штаттарында литийдің ірі кеніші табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Мексикалық геологтардың мәліметтеріне қарағанда, кеніш 37,679 мың гектар аумақты алып жатыр. Кеніштің бірегейлігі сонда, оның бір тонна рудасында 830 грамм литий бар, бұл басқа кеніштердің көрсеткіштерінен екі есе жоғары.
Өткен жылы 83,5 мың тонна литий шығарылды. Әлемдегі осы сирек металды өндірушілердің қатарында Чили, Аргентина және Австралия бар. Олардың үлесіне литийдің әлемдік өндірісінің 82 пайызы тиеді.
Литий соңғы кезде ғана кеңінен пайдаланылатын элементке айналды. Соңғы он жылда оған сұраныс елеулі өсті, оның себебі литий ноутбуктердің, ұялы телефондардың және басқа да электрондық құрылғылардың электрмен қоректенетін батареяларында пайдаланылады. Алдағы уақытта литий батереялары электромобильдер мен автомобильдерде кеңінен пайданылмақ.